Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған дейін Мәжіліс "Кейбір заңнамалық актілерге оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығы бекітілетін болады. Осыған ұқсас норма Мемлекеттік қызмет туралы заңда бар және қолданылады. "Үкімет туралы" Конституциялық заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда мұндай тыйым көзделмегендіктен, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге тыйым алынып тасталады. Яғни, Үкімет мүшелері басқа мемлекеттік саяси қызметшілермен қатар, оларға тиесілі тұрғын үйді жалға бере алады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Мәжілістің жалпы отырысында.
Тілшілер спикерден "Енді шенеуніктер пәтер мен көлікті жалға бере ала ма?" деп нақтылады.
"Бұл норма бұрыннан бар. Егер сенің пәтерің болса, оны жалға беріп те, сатуға да болады. Тек Үкіметке қатысты сұрақ болды", - деп жауап берді Ұлан Сарқұлов.