Акция 27 мамыр мен 1 маусым аралығында "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында республика бойынша өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Акцияның мақсаты – балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру. Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу