Министрлер елдегі қазақ тілі мәселесі туралы не ойлайды?

378

  Қазақ сыныптарында оқитын балалардың саны артып жатыр.

Министрлер елдегі қазақ тілі мәселесі туралы не ойлайды? Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Сейсенбі күні өткен Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрлер мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Журналист Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері басшыларынан қазақ тілі мәселесі ойландыра ма деп сұрады

"Қазақ сыныптарында оқитын балалардың саны артып жатқанын көріп отырмыз. Бұдан бөлек тілдің сапалы берілуіне қатысты мәселе бар. Мұны өзінің деңгейінде жеткізу үшін емтихандардың басталуы – қазақ тіліне деген қажеттілікті туғызуға байланысты қабылданған шешімнің бірі. Сапасын арттыру бағытында әдістемелік жоба пилоттық түрде енгізіліп жатыр. Жыл сайын тіл сапасының артуы мен қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша көптеген іс-шаралар қабылданып, нәтижесін беріп келеді", - Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің дерегінше, былтырғы түлектердің 80 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған.

"Биыл төрт күннің ішінде балалардың 75 пайызы мемлекеттік тілде тест тапсыруға шешім қабылдады. Бұл үрдіс ақырындап жалғасып жатыр. Меніңше, бұл табиғи жолмен шешілетін мәселе", – деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, жуырда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мемлекеттік тіл мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, желіде жазба жариялаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу