Министрлер кабинетінің жаңа мүшесі ант қабылдады

747

Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "су жаңа" басшысы Серікқали Брекешев ант қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрлер кабинетінің жаңа мүшесі ант қабылдады

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі, Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Сіздерді құттықтаймын, жұмыста табыс тілейміз", – деді премьер-министр Асқар Мамин. 

Серікқали Брекешев Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігері мен білімін жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға ант берді. Ол өзінің іс әрекетінде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елінің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайтуға ант етті.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу