Министрлік "Маша және Аюдың" авторларынан көмек сұрады

1873

Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде "Союзмультфильм" немесе The Walt Disney Company секілді жеке анимациялық студия ашу қажет екенін де айтты.

Министрлік "Маша және Аюдың" авторларынан көмек сұрады

Ресейлік "Маша мен Аю" мультфильмінің авторлары енді қазақстандық жаңа мультөнімнің кейіпкерлерін жасап шығаруы мүмкін, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда  "Союзмультфильм" немесе  The Walt Disney Company секілді жеке анимациялық студия ашу қажет. Сонда ғана қазақстандық анимация дами түспек. Осы орайда  министрлік "Маша және Аюдың" авторларынан қазақстандық бейнедегі кейіпкерлерді жасауға көмек сұраған көрінеді.

"Еуразиялық кинофестивальге біз "Маша мен Аю" фильмінің шығарушыларын шақырып, біздің қазақстандық образымызды жасауға көмектесуді сұрадық. "Маша мен Аю" мультфильмінің танымалдығы артуда, қазір ол тек анимациялық фильм ғана емес, мемлекеттік бағытқа айналған. Бұрын екі режиссер түсірген, ал бүгінде авторлары ығыстырылып, бір үлкен корпорация ретінде құрылып отыр. Өйткені "Маша мен Аюды" еуропа елдері де көре бастады", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу