Министрлік 15-тен аса "Халал" стандартын қабылдады

874

Талаптар Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияның стандарттарына сәйкестендірілген.

Министрлік 15-тен аса "Халал" стандартын қабылдады Фото: Максим Морозов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "халал" сертификатын алған өнімдер қаншалық сапалы?" деген сауал қойылды. Сұраққа жауап берген Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов биыл Сауда және интеграция министрлігі 15-тен аса "халал" стандартын қабылдағанын жеткізді, деп хабаралады inbusiness.kz порталы.

"Халал сертификаттау мәселелері сапа мәселелерімен көбірек байланысты. Сапа мәселесін шеші үшін биыл Сауда және интеграция министрлігі 15-тен астам "Халал" стандарттын қабылдады. Олар қазір өндіріске ену деңгейінде. Былтыр біз Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияның стандарттау органдарымен тығыз жұмыс істедік. Аталған елдердің қағидаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргіздік. Бұл мәселе реттеледі және кезең-кезеңімен шешіледі", - деді Қайнар Тайжанов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу