Министрлік 2 облыста шегіртке қаптағанын мойындамады

Олардың мәліметінше, қазіргі күні 596,3 мың гектар алқап өңделген.

Министрлік 2 облыста шегіртке қаптағанын мойындамады Фото: "Атырау" газеті

Ал шегірткелердің жаппай таралуы туралы ақпарат шындыққа сай келмейтінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, ауыл шаруашылығы министрлігі Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы шегірткенің көптігі жайлы ақпаратқа түсініктеме беріп өтті. 

– Интернет кеңістігінде және бұқаралық ақпарат құралдарында шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар мен бейнематериалдар тарап жатыр. Мұндай ақпараттар шынайы жағдайға және зиянкестердің даму сатысына сәйкес келмейді, – делінген хабарламада.

Ведомство қолданыстағы заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертіп отыр. Сонымен қатар, көпшілікті ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылы ел аумағында шегірткелердің таралу көлемі 2,1 миллион гектарға дейін жетуі мүмкін екенін растаған. 

"Қазір 14 облыста 596,3 мың гектар алқап өңделді" делінген хабарламада. 

Министрлік осы күні жұмыстың жоспарға сәйкес, штаттық режимде жүргізіліп жатқанын алға тартады. 

– Оларды Ауыл шаруашылығы вице-министрлері, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері, өңірлерде құрылған жедел штабтар бақылауда ұстап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды жеке бақылауына алған. Күрес шараларына 443 арнайы бүрку техникасы жұмылдырылып, зерттеу жұмыстарына 4 625 маман тартылған. Қажетті техника мен препараттар жеткілікті, – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу