2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды – Оқу-ағарту министрлігі

741

Биыл жалпы саны 125 мың грант бөлінді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды – Оқу-ағарту министрлігі

Биыл әлеуметтік осал санаттағы 75 мың бала колледжде оқуға грант алды. Былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артты. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі осылай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz 

Бұл квота санаттары тізбесін кеңейтудің арқасында мүмкін болды. Оқуға түскендердің 1 101-і – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер.

"ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім берумен 100% қамтуды жоспарлап отыр. Ал биыл тегін оқығысы келетіндер үшін квоталардың тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасы балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебеге үш жылдан кем болмауы керек) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды. Соның арқасында жаңа оқу жылында квота санатына 75 мың талапкер түссе, оның 1 101-і ерекше білім беруді қажет ететін балалар. Колледждерде жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Биыл қазақстандық колледждерге барлығы 183 мың қазақстандық оқуға түсті.

Оқушылардың ең көп таңдаған салалары – құрылыс, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу