Бұл 2025 жылы анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы көлемінің шамамен 43%-ын (3 437 қаулы) құрайды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 56 млн теңгеден асты, деп жазады inbusiness.kz сайты Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Негізгі құқық бұзушылық бұрынғысынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесінің асып кетуі болып отыр. Жыл басынан бері қабылданған барлық қаулылар айыппұл түрінде рәсімделген.
Олардың басым бөлігі сауда үстемесінің 15%-дан жоғары асырылуына, сондай-ақ әртүрлі бағаларды қолдану, баға белгілерінің болмауы және заңнама талаптарын қайталап бұзу жағдайларына қатысты. Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың қызметіне кедергі келтіру және мемлекеттік бақылау органдарының талаптарын орындамау фактілері де тіркелген.
Бағаның қалыптасуын бақылау тауар өткізу тізбегінің барлық кезеңдері, өндірушіден бастап түпкілікті тұтынушыға дейін ерекше назарда. Осыған байланысты өңірлерде делдалдық схемаларды анықтауға бағытталған комиссиялар белсенді жұмыс жүргізуде. Олардың негізгі мақсаты – тиімсіз делдалдарды анықтау және сауда үстемесінің негізсіз өсу фактілерін айқындау.
"Жыл басынан бері аталған комиссиялардың 302 отырысы өткізіліп, оның нәтижесінде 850 заң бұзушылық анықталды. Қарау қорытындысы бойынша 777 әкімшілік қаулы қабылданып, тауар өткізу тізбектерінен 73 тиімсіз делдал шығарылды. Бұл баға қалыптастыру үдерістерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік берді", – деп хабарлады жауапты министрлік.
Қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде бақылауды күшейту және цифрлық құралдарды енгізу, нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс негізсіз баға өсіміне жол бермеу, артық делдалдық буындарды қысқарту және сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге басымдық бере отырып жалғасатын болады.