Министрлік ескертеді: мультфильм формасындағы зиянды видеолар көбейіп жатыр

139

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Министрлік ескертеді: мультфильм формасындағы зиянды видеолар көбейіп жатыр Фото: бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде сырт көзге балалар мультфильміне ұқсайтын, алайда мазмұнында деструктивті ақпарат бар қысқаметражды видеолардың таралуы жиілеп кетті. 

Комитеттің айтуынша, соңғы уақытта Brainrot (аудармасы — "мидың шіруі") хэштегімен таралып жатқан 15–45 секундтық анимациялық роликтер баланың санасына кері әсер етуі мүмкін. Онда "траллалеро траллаеро" (аудармасы — "Алла — шошқа") сияқты мән-мағынасыз, бірақ құлаққа сіңімді сөздер жиі қайталанып, психологиялық триггер ретінде қолданылған.

Сондай-ақ кейбір видеоларда "Бомбардино крокадило — мен Палестинадағы балаларға бомба тастағанды ұнатамын" деген сияқты астарлы, жасырын дыбыстық жолдар бар.

- Мұндай контент балалардың адамгершілік құндылықтарына, мінез-құлқына және психоэмоциялық саулығына зиян келтіруі мүмкін, - делінген комитеттің мәлімдемесінде.

Осы жағдайға байланысты комитет құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар пакетін дайындап, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жолдаған.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға мынадай кеңес береді:

  • Баланың қандай контент көріп жүргенін және кімдермен байланыс орнатып отырғанын бақылау;

  • Ашық диалог жүргізіп, баланың сыни ойлауын дамыту;

  • Күмәнді видеоларды анықтаған жағдайда дереу құзырлы органдарға хабарлау.

- Саналы ата-ананың белсенді араласуы - баланың цифрлық қауіпсіздігінің басты кепілі, - деп атап өтті комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу