Министрлік халыққа бұған дейін жарияланбаған мәліметтерді жариялайды

10134

Өкпе қабынуы өршіп тұр. 

Министрлік халыққа бұған дейін жарияланбаған мәліметтерді жариялайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қарағанда өкпе қабынуына шалдыққан науқастар саны 2-3 есе көп екенін айтты.  

"Жалпы, ештеңе жасырылып қалып отырған жоқ. Өкпе қабынуына шалдыққандар санын да көрсетеміз. Таяу уақытта тұрақты негізде, нақты мәліметтерді ұсынып отыруды көздеп отырмыз. Меніңше, деректерді жария етуге ешқандай кедергі жоқ. Тек барлығы шынайы ауқымды түсінуге тиіс", – деді Алексей Цой.

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қарағанда өкпе қабынуы 2-3 есе көп. 

"Қазіргі уақытта осындай өсім байқалып отыр. Соңғы кезде өлім-жітім де бар. Шынайы көрініс болуы үшін, мұны да айтып отырамыз. Мұндай деректерді сайтымызда немесе ақпарат көздерінде жариялау жоспарланып отыр. Уақытына қатысты айтар болсам, келесі аптада бұл мәліметтерді қолға алып, шынайы жағдайды барлығы көруі үшін жариялауға тырысамыз. Дәрігерлер мұндай деректерді көріп отыр. Егер ол халықты да қызықтыратын болса, онда біз ұсынуға дайынбыз", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу