Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде жоспар бойынша жауынгерлік әзірлік тексерілген.
"Барлық техника дұрыс және белгіленген уақытта шықты. Техника мен әскери қызметшілер өздерін жақсы көрсетті. Марш жасау тоқтатылды. Қосымша техникаға арнайы өңдеу жүргізіліп, екі сағаттан кейін тұрақты орналасқан пунктке қайтарылды",– деп жазылған хабарламада.
Бұл шара коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар аясында өткізіліпті.
"Бүгінгі күннен бастап ҚР ҚК Бас штабының нұсқауы бойынша тұрақты орналасқан пункттерден тыс барлық тексерулер тоқтатылды",– дейді ведомстводан.
Жылына орта есеппен Қарулы Күштерде әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне жүзден астам тексеру жүргізілетінін атап өткен жөн.