"Ашық диалог" порталында "Шетелден келген / шетелде тұратын отандастарды қолдау шаралары туралы" тақырыбында сауалнама өткізеді, деп хабарлайды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған сауалнама халықтың репатрианттарды қолдау бойынша шаралар туралы хабардарлығын, сондай-ақ репатрианттарды қолдаудағы қолданыстағы шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:
8 (7172) 74-27-87 (Әлішер Қасымов).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу