Министрлік қант пен тұзды тұтынуды азайтуға күш салмақ

Үкіметте созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму қаупі де сөз болды. 

Министрлік қант пен тұзды тұтынуды азайтуға күш салмақ Фото: Pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова вейбтер мен энергетикалық сусындарға тыйым салу өз жемісін беретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақмарал Шәріпбайқызының айтуынша, тұз бен қанттың адам ағзасына зияны көп. Сондықтан, министрлік оларды тұтынуды тежеуді күшейтпек. 

– Созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму қаупі факторларын төмендету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, темекі шегуді азайту мақсатында 2024 жылдан бастап вейбтерге тыйым салу, энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салу шектеулері енгізілді. Сонымен қатар, ведомоствоаралық деңгейде қантты, тұзды тұтынуды азайту бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Министрлік мүгедектігі бар адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды бұдан да әрі жетілдіруді жалғастырады,  – деді ол.

Министр сондай-ақ жыл соңына дейін 6 оңалту орталығын, келесі жылы 3 ерте араласу орталығын ашу жоспарланғанын жеткізді. 

Өкініштісі, соңғы 5 жылда ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалған. Қан айналымы жүйесінің аурулары бірінші орында тұр, одан кейін қатерлі ісік және психикалық аурулар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу