"Желіде қоғамдық резонанс тудырған Каспий теңізіне қара сұйықтықты төгу фактісі бойынша келесідей ақпаратты айтамыз: Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ға (бұдан әрі серіктестік) тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды, олар шектен шығу фактісін көрсетпеді. Сондай-ақ су жинау каналының су сынамалары алынды, оның нәтижелері қазіргі уақытта анықталуда", – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Серіктестіктің түсініктемелеріне сәйкес, ЖЭО-1 су тарту арнасы ЖЭО-1 Технологиялық қажеттіліктеріне теңіз суын беруге және бастапқы су ретінде "Каспий тұщыландыру зауыты" ЖШС ауыз суын дайындауға арналған.
Бүгінгі күні Каспий теңізінің күрт таяздануынан "МАЭК-Казатопром" ЖШС теңіз суының қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ЖЭО-1 су жинау арнасында түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Серіктестікке сенсек, жүргізіліп жатқан жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Бүгінгі күні Департамент рұқсат беру құжаттарының болуын анықтауда.
"Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады. Нәтижелер туралы қосымша хабарланады", – делінген хабарламада.