Министрлік "Қазақфильмнің" фабрика немесе өндірістік цех ретінде жұмыс істегендігін қалайды

686

Қазіргі уақытта киностудия аумағында арнайы экономикалық аймақ құру туралы сөз болып жатыр.

Министрлік "Қазақфильмнің" фабрика немесе өндірістік цех ретінде жұмыс істегендігін қалайды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР мәдениет және спорт министрлігі заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақфильмді" жабу ойымызда жоқ. Біз киностудияны дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта киностудия аумағында арнайы экономикалық аймақ құру туралы сөз болып жатыр. Бұл мәселе әзірше талқылануда, ол министрліктің идеясы", – деді заң қызметі департаментінің директоры.

Оның атап  өтуінше, министрлік "Қазақфильмнің" кинофабрика немесе өндірістік цех ретінде жұмыс істегендігін қалайды.

"Дегенмен, қалай болғанда да ақшаны бөліп отырушы болғандығын қаламаймыз. 2019 жылға дейінгі ахуалға тоқталсам, біз ақшаны "Қазақфильмге" жібереміз.  Ал олар ақшаны бөліп, өздерінде түсірілім жұмыстарын жүргізеді. Субмердігерлерді шақырып, өздерінің аумақтарында, өздерінің ақшасына, өздерінің құрал-жабдықтарына мәжбүрлейді. "Қазақфильм" төңірегінде үлкен сын да болды", – деді Күміс Сейітова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу