Министрлік Кіші Талдыкөлге қатысты мәлімдеме жасады

1014

Талдыкөл – су объектісі. Әкімдік өз құзыреті шегінде су қорының жерлерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.  

Министрлік Кіші Талдыкөлге қатысты мәлімдеме жасады

Су қорының жерлері басқа санаттарға табиғи немесе жасанды түрде жойылған, сондай-ақ су объектісінің көлемі кішірейген кезде ауыстырылады.

Көлдің қай бөлігі табиғи себептермен жоғалып кеткенін, су жинау алаңын салу нәтижесінде көлдің көлемі қаншалықты кішірейгенін зерттеу қажет.

Осыған байланысты қосымша зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдау қажет.

Министрліктің ұстанымы – Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалдырылсын. Бұл ретте, қала құрылысының салдарынан көлге түсетін жаңбыр және еріген сулардың ағыны азайғанын назарға ала отырып, оны қосымша толтыру мен айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет.

 

  

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу