Министрлік көмір экспортына тыйымды жарты жылға ұзартуды көздейді

496

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті "Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Министрлік көмір экспортына тыйымды жарты жылға ұзартуды көздейді Фото: jjtv.kz

"Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін, тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - деп жазылған құжатта.

Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, тыйым халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша дүрбелеңнің алдын алу үшін енгізіліп отыр.

"Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге уақытша шектеу қоюдың орындылығы 2023 жылғы 22 ақпандағы сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қолдау тапты", - деп жазылған құжатта.

Құжат 14 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу