ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" логотипін әзірлеуге байқау жариялады.
"2018 жылғы 14 қыркүйектен бастап 12 қазанға дейінгі аралықта "Агроөнеркәсіптік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" логотипін әзірлеуге арналған конкурс өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін материалдарды қабылдау 2018 жылғы 8 қазанға дейін жүргізіледі. "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" логотипі атауына конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің жұмыстары брендбукпен қабылданады", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Байқау ережесі туралы ведомствоның ресми сайты арқылы білуге болады.