Министрлік Павлодар облысындағы үйдің неліктен құлағанын түсіндірді

1096

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Павлодар облысында үйдің құлауына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы министрліктің Telegram каналына сілтеме жасап.  

Министрлік Павлодар облысындағы үйдің неліктен құлағанын түсіндірді

Алдын ала деректер бойынша Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі аумақтың егжей-тегжейлі жобалау жоспары ЕТЖЖ болмауына қарамастан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген (автотұрақтан КТҮ-ге) және (жобалауға) бастапқы рұқсат құжаттары берілген.

Бұдан басқа, Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы осы объектіге тиісті түрде камералдық бақылау жүргізбеген.

Осылайша, Комитет техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға құрылыс барысы туралы ай сайынғы есептерін ұсынбағанын анықтады. Осы объектіге бекітілген техникалық қадағалаудың жауапты сарапшысы Комитет реестріне сәйкес компанияға 2019 жылғы желтоқсанда қабылданып және 2021 жылғы сәуірде шығарылған.

Бұдан басқа, техникалық қадағалау компаниясында 2021 жылғы 19 наурызда техникалық қадағалауды жүзеге асыруға аккредиттеудің мерзімі өткен.

Осылайша, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мониторингі барысында осы фактілерді анықтап, құрылысты тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдауы керек еді. Сондай-ақ, құлаған үйге қарама-қарсы дәл осындай үйдің сол мердігермен ("Элит Сервис Плюс" ЖШС) салынып жатқанын атап өткен жөн.

"Бүгінгі таңда аталған мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, Комитеттің өкілі жергілікті жерге барды. Сонымен қатар, жауапты мемлекеттік органдарды тексеруге бастама жасалып, олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирап, үйінді астында қалған 3 адам ауруханаға жеткізілгені хабарланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу