Министрлік сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қатысты мәлімдеме жасады

417

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сапасы нашар байланыс операторларына қанша теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік сапасыз қызмет көрсеткен ұялы байланыс операторларына қатысты мәлімдеме жасады Фото: canva.com

"2019 жылы 51 тексеру жүргізіліп, 10,8 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Ал 2020 жылы тексеру саны 93-ке жетті. Салынған айыппұл көлемі – 23,9 млн теңге", делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында 562 тексеру жүргізілді.

Оның барысында 371 заң бұзушылық анықталды. Осыған орай ұялы байланыс операторлары 132 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

2022 жылы тексеру саны еселеп артты. 1 175 тексерудің нәтижесінде операторларға 1 млрд 670 млн теңге айыппұл салынды. Дегенмен, ұялы операторларға жеңілдіктер беріліп, олар бюджетке 835 млн теңге айыппұл төледі.

"Ал 2023 жылы 782 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 3 млр 288 млн теңге сомасына айыппұл жазып берілді", деп нақтылайды министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу