Министрлік су басқан аймақтарда ауыз судың ластануы туралы ақпаратты жоққа шығарды

248

Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Министрлік су басқан аймақтарда ауыз судың ластануы туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото: canva.com

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда бола бастады. Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары бойынша жалған ақпарат таратылуда, бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су тасқыны жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды.

Барлық объектілерде инфекциялық аурулардың профилактикасы мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауды бақылауды күшейтті.

Эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті жерлердегі Денсаулық сақтау басқармасына хабарласуды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу