Министрлік су қоймаларындағы жағдай қалай екенін айтты

262

Елімізде қай өңірлерде су басу қаупі бар?

Министрлік су қоймаларындағы жағдай қалай екенін айтты Фото: Sputnik / Елена Бережная

Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймаларындағы қазіргі жағдайға қатысты мәлімет жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 230,56 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, ал Шағалалы су қоймасынан секундына 15,21 текше метр су жіберіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында:

Бұқтырма су қоймасынан – секундына 436 текше метр;

Өскемен су қоймасынан – 450 текше метр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 740 текше метр су кетіп жатыр.

Қарағанды облысында:

Ынтымақ су қоймасынан – секундына 8 текше метр;

Самарқанд су қоймасынан – 2 текше метр.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 234,8 текше метр су жіберіліп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында:

Сергеев су қоймасынан – секундына 1186,4 текше метр;

Петропавл су қоймасынан – 718 текше метр.

Ал Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Айта кетері, Ақмола облысында су тасқыны салдарын жоюға 300 маман мен 156 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Екі ауылдан 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу