Министрлік су тасқыны аймақтарына 1000-нан астам маман мен 280 техника жұмылдырды

588

Республиканың су тасқыны аймақтарында су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280-нен астам техникасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік су тасқыны аймақтарына 1000-нан астам маман мен 280 техника жұмылдырды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

"Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау жүргізеді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу