Министрлік суды көлеңкелі нарықта сатқандардың ісін Бас прокуратураға жолдады

190

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ішкі аудиті анықтаған заңсыз әрекеттердің материалы Бас прокуратураға жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік суды көлеңкелі нарықта сатқандардың ісін Бас прокуратураға жолдады Фото: ortcom.kz

– Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігінің ішкі аудит департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жұмыстар судың "көлеңкелі" нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін істеліп жатыр. Ішкі аудит департаменті 9 айда 11 мекемеге аудиторлық тексеру жүргізді, – дейді министрліктегі қоғаммен байланыс басқармасының сарапшысы Аңсаған Ермек.

Мысалы, "Қазсушар" РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына жүргізілген тексеріс су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі мен заңсыз су беру келісімшартын анықтаған.

– Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Анықталған барлық заң бұзушылықтардың материалдары Бас прокуратураға жолданды, – деді Аңсаған Ермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу