Министрлік ұсталған вице-министрге қатысты дәлелсіз қорытынды шығармауды сұрайды

813

Министрлік ұсталған вице-министрге қатысты дәлелсіз қорытынды шығармауды сұрайды

ҚР энергетика министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми мәлімдемесіне сәйкес қалдықтарды басқару департаментінің директоры Ж.Нұрбековтің және вице-министр Ғ. Сәдібековтің ұсталуы бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде қолданылған қандай да бір нақты шара туралы ақпарат жоқ екендігін хабарлады.

"Орын алған жағдайды толық және объективті бағалау үшін министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жан-жақты қолдау көрсетіп, сұратылып жатқан барлық материалдың еш кедергісіз ұсынылып жатқандығын хабарлайды. ҚР энергетика министрлігі құзыретті органдардың шешімі белгілі болмайынша, дәлелсіз қорытындылар шығармауды сұрайды", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу