Министрлік: Вek Аir ұшақ билеттерінің ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтаруға тиіс

1361

Ведомоствоның мәліметіне сенсек, рейстер барлық бағыт бойынша шектелген.

Министрлік: Вek Аir ұшақ билеттерінің ақшасын 31 желтоқсанға дейін қайтаруға тиіс

"Бек Эйр" компаниясының қызметі уақытша тоқтатылды. Ал 31 желтоқсанға дейін сатып алынған "Бек Эйр" билеттерінің ақшасы толықтай қайтарылуға тиіс. Бұл жөнінде ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомоствоның мәліметіне сенсек, рейстер барлық бағыт бойынша шектелді.

Айта кетсек, "Бек Эйр" 1999 жылы ВИП рейстерді жүзеге асыратын компания ретінде құрылған. Әр жылы мұнда Як-40, Ту-154, Фалькон - 20, Фоккер-100 ұшақтары пайдаланылған. Бүгінде әуе компаниясының паркінде "Фоккер-100" маркалы 7 ұшақ бар. Бүгін апатқа ұшыраған әуе кемесі де дәл осы "Фоккер-100" болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу