Павлодар облысының тұрғыны балаларымен бірлесіп есірткі сатқан

1387

Күдіктінің үлкен ұлының үйінен 14 ұялы телефон, 9 дорбаға салынған 199 келі есірткі табылды.  

Павлодар облысының тұрғыны балаларымен бірлесіп есірткі сатқан

 

Павлодар облысында есірткі сатумен айналысқан әкесі мен баласы тұтқындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Күдіктілердің бірінің пәтерін тінту барысында "Браунинг" тапаншасы, 4 грамм көкнәр, сатылымға шығаруға дайындалған бір келіден астам есірткі, екі таразы табылды. Сол күні баласының үйін тінтіген мамандар 14 ұялы телефон, 9 дорбаға салынған 199 келі есірткі тәркіледі",-делінген Ішкі істер министрлі таратқан хабарламада.

Бұл "отбасылық бизнес" болуы мүмкін деген күдікпен мамандар осы отбасының екінші ұлының пәтерін де тінтіген. Нәтижесінде 5 ұялы телефон, бір дорба есірткі, ал үйінің шатырынан бірнеше түп құрғақ қарасора табылған. 

Ұсталғандарға қатысты қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша іс қозғалды. Қазіргі кезде бұған өзге адамдардың қатысы бар немесе жоғы анықталуда.

есірткі, қарасора, есірткі саудасы, заңсыз есірткі сақтау

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу