Министрлік: Жабайы қабандар елорда аумағына миграция арқылы өтуі мүмкін

568

Ақмола облысы төңірегінде 2500-ге жуық жабайы қабан бар. 

Министрлік: Жабайы қабандар елорда аумағына миграция арқылы өтуі мүмкін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елорда көшесінде жүрген қабандарға қатысты видеоға түсініктеме берді.

"Қыркүйек айының 20-сынан 21-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі бойында таспаға түскен жабайы қабандар фактісі бойынша Ақмола облыстық территориялық инспекциясының инспекторлары табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып маңайды тору жұмыстарын жасады. Іздеу барысында жабайы қабандар көші анықталмаған",– дейді министрліктен.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы төңірегінде 2500-ге жуық жабайы қабан бар. Ведомство олар қала территориясына миграция арқылы өтуі мүмкін дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу