Министрлік Жайық өзені жағалауына жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады

2334

"Нефтегазовый сервисный альянс" ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Министрлік Жайық өзені жағалауына жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені жағалауының ластануы фактiсi бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі туралы жариялады.

"Атырау облысы бойынша экология департаментімен Жайық өзені жағалауының су қорғау аймағының қауіпті химиялық заттармен ластану фактісі бойынша "Нефтегазовый сервисный альянс" ЖШС-ге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Аталған өндірістік базаның аумағында химиялық реагенттерден босатылған 220 ЭКС-ЭМ маркалы эмульгаторы бар толық бөшкелер және 75 бөшке анықталды. Сондай-ақ, аз мөлшерде химиялық реагенттермен жердің ластануы байқалды",– делінген ведомство жариялаған хабарламада.
Ал Орал өзені жағалауының ластану фактілері анықталмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу ережелерін бұзу, атап айтқанда қауіпті қалдықтарды есепке алу мен паспорттың болмауы анықталған.

Жол берілген бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттама шығарылып, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және химиялық реагенттермен ластанған жер учаскесін тазалау қажеттігі туралы нұсқама беріліпті.

"Сондай-ақ тексеру барысында химиялық талдау жүргізу үшін жер асты суларының сынамалары мен топырақ сынамалары іріктеліп алынды, нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануының артуы анықталмады. Сонымен қатар, Жайық өзенінен жер бетіндегі судың сынамасы алынды. Жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан асуы анықталған жоқ",– деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сот органдарына қызметін тоқтату туралы талап-арыз берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу