Министрлік аталған факті бойынша толық ақпарат беру жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдады. Осы уақытқа дейін белгілі болған мәлімет бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Аталған іс бойынша жоғарыда аталған БАҚ өкілдерінің мәртебесі куәгер ретінде белгіленді. Министрлік бұл мәселені назарға алды және бақылауда ұстап отыр.
Бұл ретте, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңына сәйкес, журналистер көпшілікке ақпарат таратпас бұрын, оның шынайылығын үнемі тексеріп отыруды ұмытпау керектігін ескертеміз.