Министрлікте балықшылардың өтініші бойынша ешқандай шешім қабылданбаған

623

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі маңғыстаулық балықшылардың 0,3 диаметрлі ауды қолдануға заң жүзінде рұқсат беру туралы жасаған өтінішіне қатысты ешқандай шешім қабылдамаған, деп хабарлады Atameken Business.

Министрлікте балықшылардың өтініші бойынша ешқандай шешім қабылданбаған

Бас қаладан жақсы хабар күткендер, аудың осы түрін қолданысқа енгізбеген жағдайда, өңірдегі балық шаруашылығы тұралап, кәсіптің осы түрімен күн көріп отырған ауыл тұрғындары, нәпақасынан айрылады.

Қоғам белсенділері де "Жіңішке ауға рұқсат бермесек, маңғыстаулықтар, қолжетімді кефаль балығынан қағылғалы тұр", дейді.

Ал министрлік, сәуірде басталып, артынша тоқтап қалған 0,3 диаметрлі аудың тиімділігі мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі туралы жобаны жалғастырып, әлі де зерттеу жүргіземіз, дейді. 

Айта кету керек, Каспий жағасындағы Ресей, Түркменстан, Иран секілді елдер, аталған ауды қолдануды әлдеқашан заңдастырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу