Министрлікте тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне көшіру мәселелері қаралды

513

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлікте тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне көшіру мәселелері қаралды Фото: ҚР ИИДМ

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне (МИБ/ҚС)  көшіру жөніндегі кезекті кеңесті өткізді. 

Жиынға Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ, "Астана ЕРЦ" ЖШС, ПИК, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Әділет департаментінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ПИК-ті ерікті түрде және мәжбүрлеп жою тәртібі жөніндегі тұщымды ақпарат пен түсіндірмелер, Бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ ТКШ саласындағы заңда қабылданған жаңа өзгерістер түсіндірілді.

"Бұл ретте осы аптада жоғарыда айтылған заңды тұлғалық негізде басқарылатын ұйымды кезең-кезеңімен  таратудың тәртібі ұсынылатынын айта кету керек. Аталған құжатпен ҚР "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады", делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу