Министрліктер қызметтердің 87%-ын онлайн ұсынуға дайын

973

Қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі министрлігі көш бастап тұр.

Министрліктер қызметтердің 87%-ын онлайн ұсынуға дайын

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы мемлекеттік органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары қашықтықтан қызмет көрсетуге басымдылық берді, деп хабарлады Ranking.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің сөзінше Қазақстанда мемлекеттік қызметтің 80%-ын онлайн-форматта алуға болады. Ал карантин енгізіліп, ХҚКО-лар жабылғалы Электронды үкімет порталының жүктемесі артқан. Соған қарамастан портал 1 млн-ға жуық қызмет көрсеткен.

Мемлекеттік органдар арасында электронды қызметтер саны бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көш бастап тұр. Ведомство аталған форматта 102 түрлі қызмет ұсынады. Ауыл шаруашылығы минстрлігі – 58, Әділет министрлігі 52 қызметті онлай көрсетеді.

Жалпы алғанда еліміздегі министрліктер қызметтерінің 87%-ын онлайн-форматында көрсетуге әзір. Ең жоғары деңгейде цифрландырылған Сауда және интеграция министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі болып есептеледі. Аталған ведомстволар өздері ұсынатын барлық (100%) қызметтерді онлайн форматқа ауыстырған. Цифрландыру бойынша үздік бестікте Әділет министрлігі (98,1%), Ауыл шаруашылығы министрлігі (95,1%) және Қорғаныс министрлігі (93,8%) бар. Бұл тізімде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тек 6- орында (92,3%).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу