Министрліктерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

636

Қанат Байытов ҚР ИИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Министрліктерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды

Сондай-ақ ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Серғазы Бағдатұлы Омаш басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу