Олар тергеуге амалдарына кедергі келтіргені үшін айыпталып отыр. Дәлірек айтсақ, министрлік қызметкерлері ведомстваның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жинап, оларды жариялаған. Қазір осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құпиялыққа байланысты бұдан өзге ақпарат жариялаған жоқ.
Еске салайын, Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі қазір бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Баспасөз қызметінің 3-ші қарашада берген мәлдіметіне сәйкес, Біртановқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Оның орынбасары болған Олжас Әбішев те бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеліп, қазір үй қамақта отыр.