Министрліктің ет экспортына қатысты есебінен жік шықты

1458

Желтоқсанның 5-і күнгі үкімет отырысында АШМ "11 айда Қазақстан 14,5 мың тонна ет экспорттады" деп есеп берген еді, ал кеше, 26 желтоқсанда мекеме "ет экспорты 32,4 мың тоннаға жетті" деп жар салған.

Министрліктің ет экспортына қатысты есебінен жік шықты

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жыл қорытындысы бойынша жариялаған есебі дауға ұласты.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі есеп беруге асығып, асыра сілтеді", – деп жазды мекеменің бұрынғы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков фейсбук парақшасында. 

Оған себеп, желтоқсанның 5-і күнгі үкімет отырысында аталған ведомство "11 айда Қазақстан 14,5 мың тонна ет экспорттады" деп есеп берген еді, ал кеше, 26 желтоқсанда мекеме "ет экспорты 32,4 мың тоннаға жетті" деп жар салған.

Төлеутай Рахымбеков "25 күнде олар қалайша 14,5 мың тонна жіберіп үлгерді" деп таңданды. Оған ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов "бұл барлық еттің көлемі" жауап бергендей болды. Дегенмен, пост авторы оған сенбейтінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу