Министрліктің құзыреті жоқ

1097

Вице-министр шынын айтты.

Министрліктің құзыреті жоқ

Биыл көктемгі егіс жұмысына 380 мың, күзгі жиын-терімге 395 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың мәлімдеуінше, 16-қыркүйектегі жағдай бойынша жоспар 65,4%-ға орындалған. Қамбаға құйылуға тиісті 395 мың тонна астықтың 258,3 мың тоннасы  жиналған. Оның ішінде шілде айында жоспарлы 116,2 мың тоннаның 110,1 мың тоннасы, тамыз айында 128,8 мың тоннаның 113 мың тоннасы, қыркүйек айында 130,4 мың тоннаның 35,3 мың тоннасы тиеліп, жөнелтілген. Белгілі болғандай, қазан айында 19,6 мың тонна өнім жиналуға тиіс.

"Көктемгі егіс жұмысы кезінде дизель отынының тоннасын 193 мың, күзгі науқанда 198 мың теңгеден сату ұсынылды. Көктемде дизельдің 1 литрі - 160 теңге, күзде - 164 теңге болғанын қаладық. Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының арзандатылған бағасын заңмен бекіту құзыреті жоқ", – деді Әсет Мағауов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу