Министрмен кездесудің машақаты. Бүгін Шымкентке барған Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен болатын кездесуге барған азаматтар ішке кіре алмай қиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Жұртқа кездесу таңғы сағат 9-да басталады деп хабарланған. Бірақ арызын айта келген ағайын ол уақытта есік жабық болғанын айтады. Салдарынан біраз арызданушылар ішке кіре алмады.
Ал кедергілерді бұза жарып ішке кіргендер өздерінің арыз-тілектерін жеткізді. Оның ішінде алаяқтардың арбауына түсіп бар тапқанынан айырылғандар мен полицейлердің ісіне көңілі толмайтындар көп. Барлығы өз істерінің министрлік деңгейінде қаралғанын қалайтындықтарын жеткізді. Өз кезегінде министр қаладағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жүгенсіздігін сынға алып, тасымалдаушы компаниялар жұмысындағы жүйесіздікті тілге тиек етті. Сондай-ақ, қалада жол ересін бұзу дерегінің көп екені де айтылды. Мәселен, бір жылда Шымкентте 8 мыңнан астам автокөлік айып тұрағына қойылып 1600 дей азамат көлік жүргізу құқығынан айырылған. Интернет арқылы жасалатын алаяқтық дерегі де дендеп барады. Мәселен тек осы жылдың өзінде Шымшаһарда кибер алаяқтықтың 316 қылмысы тіркелген. Осыған орайда енді мегаполисте кибер полиция жасағы құрылмақ.
"Шетелдікке кетіп жатыр біздің миллиардтаған сомалар. Сондықтан біз киперпол құрдық. Бұрынғы сіздің телефоныңызға отырып соны басқа біреуге жалған қылып басқа біреуге звондай беретін соның жолын кестік оны да ары қарай жетілдіреміз", - деді ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.