Минск автомобиль зауыты Қазақстанға 1 миллион долларға техника жеткізеді

704

Минск автомобиль зауыты Қазақстанға 1 млн долларға техника жеткізуге келісімшартқа отырды, деп хабарлайды inbusiness.kz  БЕЛТА  сайтына сілтеме жасап. 

Минск автомобиль зауыты Қазақстанға 1 миллион долларға техника жеткізеді

Тиісті құжатқа коммерциялық директордың бірінші орынбасары Борис Мущинский мен Экономика бас басқармасының басшысы Александр Телеш қатысқан Беларусь-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында қол қойылды.

Іскерлік кеңес аясында Минск автомобиль зауыты мен Қазақстанның іскер топ өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді.

Сапар барысында Нұр-Сұлтан қаласында қызмет көрсету орталығын құру туралы шешім қабылданды.

Минск автомобиль зауыты - ауыр көліктер, арнайы техника, автобустар, троллейбустар және тіркемелер шығаруға маманданған Беларусьтің ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі. Тауар белгісі ТМД және шетелде кеңінен танымал. Құрал-жабдықтар Еуро-3, 4, 5 және 6 экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.Зауыт конвейерінен жүк тракторлары, борттық көліктер, әртүрлі арнайы техниканы орнатуға арналған шассилер – барлығы 500-ден астам үлгі және 3 мыңнан астам модификациялар шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу