Әлем чемпионатында матчтар 21 мамыр мен 6 маусым аралығына жоспарланған.
Бастапқыда әлем чемпионаты Минскіде және Ригада (Латвия) өткізілуге тиіс болатын. Беларусьтегі шиеленісті саяси жағдайға байланысты бірқатар ел мен ұйымдар мен демеушілер қарсы болды. Жылдың маңызды додасының енді қай жерде өтетіндігі туралы шешім әлі қабылданған жоқ.
IIHF бұл мәселені зерттеп, әлем чемпионатын бір жерде, соның ішінде Латвияда өткізу мүмкіндігін бағалайтындықтарын атап өтті.
Бұған дейін Рига жарысты өз бетімен өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Еске салайық, 2019 жылы жоғарғы дивизионға оралған Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысады.