Минск қаласына ереуілдерден $289 мың көлемінде шығын келген

611

Шаһарды ретке келтіру үшін күніне 1 мың адам жұмылдырылып отыр. 

Минск қаласына ереуілдерден $289 мың көлемінде шығын келген

Беларусь астанасы Минск қаласын наразылық шараларынан кейін қалпына келтіру жұмыстарына $289 мың көлемінде қаражат жұмсалады. Бұл туралы қалалық атқарушы комитеттің өкілі Владимир Лебедь мәлім етті.
"Заңсыз наразылық шаралары басталғалы қалаға 750 мың белорус рублі көлемінде шығын келді. Қомақты сома ереуіл болған жерлерді тазалауға, ғимараттар мен басқа да нысандардағы заңсыз жазбаларды өшіруге бөлінеді. Шамамен бір күнде бұл жұмыстарға мың шақты адам мен 80 мың техника жұмылдырылып отыр", – деді Лебедь.

9 тамызда Беларусьта өткен саяси тартыстан кейін бірқатар қалада ереуілдер басталған еді. Билік бас көтерулерді заңсыз деп таныды. Наразы топты тарату үшін  құқық қорғаушылар көзді жасаурататын газ, суатқыш, резеңке оқ қолданған болатын. Кейін олар бұл әрекеттерін доғарды. Ресми дерек бойынша, 7 мыңға жуық адам қамауға алынған. Қақтығыстар салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын,130 құқық қорғаушы жарақат алып,  3 ереуілші қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу