Минск қазіргі бессайыс бойынша әлем біріншілігін өткізу құқығынан айырылды
23 Қаңтар 2021 14:37 695

Беларусь астанасы Минск қазіргі бессайыс бойынша әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған әлем біріншілігі бастапқыда 7-13 шілдеге жоспарланған болатын. Сонымен қатар, Олимпиада ойындарына квалификациялық жарыс есебінде өтетін болған. Енді турнир дәл осы уақытта, бірақ басқа жерде өткізу қарастырылады. Нақты өтетін орны туралы жақында ресми хабарланады.