Минск Украинамен шекараға қосымша әскери бөлімшелер жіберді

540

Беларусь Украинамен шекараны күзету үшін аумақтық шекара қызметі органдарының күшейтілген шекара нарядтары мен маневрлік топтарын пайдаланады.

Минск Украинамен шекараға қосымша әскери бөлімшелер жіберді

Бұл туралы 16 қазанда Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский мәлімдеді.

"Біздің шекарамызға жақын жерде түрлі жаттығулар өткізілуде. Біз Беларусь аумағына оптикалық, радиоэлектрондық және радиотехникалық барлау жүргізіліп жатқанын білеміз. Әрине, біз мұндай әрекеттерден қауіптеніп, қарсы қимылдарға көштік. Шекара қызметінің органдары күшейтілген шекара нарядтарын қояды, шекараны күзетудің техникалық құралдарын белсенді қолданады, Шекара қызметінің аумақтық органдарының маневрлік топтары жұмылдырылады", – деді ол.

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский "Үлкен жетілік" елдерін Украина мен Беларусь шекарасында халықаралық бақылаушыларды қауіпсіздік жағдайын бақылау үшін орналастыруға шақырған болатын.

Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің төрағасы Анатолий Лаппоның айтуынша, Украина-Беларусь шекарасындағы халықаралық бақылаушылар миссиясының мүшелері диверсант болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу