Минскідегі ереуілдерден кейін тергеу басталды

832

Exit poll дерегі бойынша, Александр Лукашенко дауыстың 79,7%-ын жинады.

Минскідегі ереуілдерден кейін тергеу басталды Фото: ria.ru

Беларусь астанасы Минск қаласында заңсыз наразылық акциялары өткен жерлерде тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Sputnik Беларусь басылымы хабарлады. Бас көтергендер президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысына наразылығын білдіру үшін қала көшелеріне шыққан. Елдің кейбір қалаларында да осындай ереуілдер өтті.

Сайлаудан кейін Минск орталығында ереуілшілер мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Бастапқыда халық Жеңіс алаңында жиналған еді, бірақ оларды полицейлер Машеров көшесіне дейін ығыстырып, қуып жіберді. Содан кейін жиналған топты бұл көшеден де таратып жіберді. Арнайы операцияға ЕММЖ мен ішкі әскер  сарбаздары жұмылдырылды. Олар заңсыз шеруге қатысқандарға қарсы көзді жасаурататын газ, суатқышты қолданған. Зардап шеккендер бар. Нақты саны анықталып жатыр. 

Еске сала кетейік, Беларусьтағы президент сайлауы 9 тамызда өткен болатын. Exit poll-дың алғашқы дерегіне сүйенсек, қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 79,7%-ын, Светлана Тихановская 6,8%-ын жинаған. 

Табиғат Нұрболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу