Минсктегі ереуілдерде ондаған адам қамауға алынды

505

Бас көтерулер инаугурациядан кейін үдей түсті. 

Минсктегі ереуілдерде ондаған адам қамауға алынды

Беларусь астанасы Минск қаласындағы наразылық шарасы кезінде ондаған адам қамауға алынды. Бұл туралы қаланың Ішкі істер басқармасы мәлім етті.

Басқарма өкілдері шаһардағы ахуалды толықтай бақылауда ұстап отырғанын жеткізді. Милиция бас көтергендерді тарату үщін көзді жасаурататын газ немесе арнайы граната қолданбаған , ескерту мақсатында оқ атпаған. Бірақ кей ақпарат құралдарында олардың суатқышты пайдаланғаны жарияланды. 

Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте президент Александр Лукашенконың инаугурациясы өткен болатын. Бірақ билік бұл шараның болатыны туралы жарияламай, жасырын түрде өткізді. Лукашенконың басты қарсыласы оппозиционер Светлана Тихановская бұл инаугурацияны мойындамайтынын және өзін халық таңдаған жалғыз көшбасшы екенін айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу