"Белавиа" әуе компаниясы Қазақстан қалаларына бірқатар рейс ашады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.
Беларусь Республикасының авиациялық биліктерімен уағдаластыққа 2019 жылғы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы кезекті конференциясында (ICAN 2019) қол жеткізілген еді.
Әуе компаниясы 2020 жылдың жазғы кезеңінде орындалатын Минск – Ақтау, Минск – Қарағанды, Минск – Павлодар және Минск – Қостанай рейстеріне әуе билетін сатуды бастады.
Қазіргі уақытта "Белавиа" Нұр – Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы рейстерді орындайды.
Биылғы шілде айынан бастап Минск – Алматы бағытындағы рейстер күн сайын орындалатын болады.