Минсктің ортасында 20 ереуілші қамауға алында

609

Бас көтерулер басылар емес.

Минсктің ортасында 20 ереуілші қамауға алында

Беларусь оппозициясының наразылық шарасына қатысқан 20-ға жуық  адам қамауға алынды. Акция Минск қаласында болды. 

6 қыркүйекте елдің бірқатар қаласында қазіргі президент Александр Лукашенкоға қарсы топтардың заңсыз ереуілдері өтті. Ел астанасында мың шақты ереуілші тіпті президенттің резиденциясына дейін барған. Бірақ әскерилер оларды артқа шегіндірген. Бас көтергендерді құқық қорғаушылар түрмеге қамап жатыр.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. Оппозиция болса, саяси додада Тихановская басым түсті деп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу