"Минутына 4,8 млрд теңге сомаға төлем жүргізілді"

1178

Былтыр төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютада жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 862 трлн теңге болды.   

"Минутына 4,8 млрд теңге сомаға төлем жүргізілді"

Оның 91%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері – Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚҰБ ұлттық төлем жүйелеріндегі транзакция саны 59,3 млн теңгені, жалпы сомасы – 782,1 трлн теңгені құрады. Осылайша, операциялар жүргізілген күндері осы жүйелерге түскен орташа жүктеме күніне сомасы 3,2 трлн теңге болатын 241,2 мың төлемді құрады. Орташа есеппен минутына 4,8 млрд теңге сомаға төлем жүргізілді. Операциялық күн ішінде төлемдердің ең көп саны сағат 12:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде өңделеді", – деп жазылған хабарламада.

ҚҰБ төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті былтыр 99,98% болған.

"Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып артық, әрі ұлттық төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды", – дейді ҰБ-дан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу