Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиёев мерзімінен бұрын сайлау барысында осы лауазымға қайта сайланды. Бұл туралы ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Мирзиёев 87,05% дауыс жинады.
"Заң бойынша ол президент болып сайланды", - дейді Низамходжаев.
Оның айтуынша, Өзбекстанның "Адолат" ("Әділет") Социал-демократиялық партиясы ұсынған Жоғарғы Сот Төрағасының орынбасары Робахон Махмудова 4,43%, Халықтық-демократиялық партияның жетекшісі Ұлықбек Иноятов 4,02%, экологиялық партияның басшысы Абдушукур Хамзаев 3,74% дауыс жинады.
Жалпы, Өзбекстан президентінің сайлауында сайлаушылар тізіміне 19,5 миллионнан астам адам енгізілді.